Қазақстан мен ЕО арадағы келісімшартты ратификациялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен ЕО арадағы келісімшартты ратификациялады

21.01.2020

Еуропалық кеңес Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімшартты ратификациялады. Енді қос тараптың ынтымағы осы құжат аясында беки түспек. 

Бұл туралы тараптар Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық Одақ» іскерлік кеңесінің 17-отырысында мәлімдеді. 

Басқосуға қазақстандық делегацияны еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастап барды. Жиын барысында қос тарап екіжақты байланысты күшейтудің қыр-сырын талқылады. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу