Шымкент қаласының әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының әкімі болып Мұрат Әйтенов тағайындалды

21.01.2020

Еңбек жолын Қорғаныс министрілігінде бастап, одан кейін Президент әкімшілігінде қызмет атқарған. Былтырғы жылдың соңынан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. 

Жаңа басшысыны таныстырған Президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов әкімге бес түрлі міндет жүктеді. Алғашқысы – Шымкентті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру, қосымша инвестиция тарту.  

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту, олардың әл-ауқатын жақсартуды тапсырды. Өйткені, Шымкенте республикалық маңыздағы қала саналығанымен әлі күнге шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі өте төмен. Небәрі 27 % ғана. 

Шаһар әкіміне жүктелген үшінші міндет, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға барынша қолдау білдіру. Төртіншіден, қала аумағына кейіннен енген 74 мың гектар аумақтағы елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту керек. 

ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесіне орай өткізілетін іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру жүктелді. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу