Ресми Киев құлаған ұшақтың қара жәшіктерін талап етіп, Иранға қысым жасамақ. Мұны бүгін Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Албания үкіметінің басшысы Эди Рамамен өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Пристайконың сөзінше, бүгін бұл мемлекетке Иранның Көлік және қалалық даму министрі Мұхаммед Еслами барады. Сол кездесуде Украина ирандық делегацияға «қара жәшіктердің» қайтарылуы Тегеранның тергеуді объекті жүргізіп жатқанын көрсететінін жеткізбек.
Бұған дейін Ислам Республикасы борттағы жазбаларды Киевке беретіні туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.
Айта кетсек, украиналық «Боинг» қаңтардың 8-де Тегеран әуежайы маңына құлап, 176 адам мерт болғаны белгілі.
Арыстан РЫСБЕК