Бұл инфекция осыған дейін Ухань қаласында табылған еді. Енді оған шалдыққандар Бейжіңде, Шэньчжэньде және Таиланд пен Жапонияда да анықталып отыр.
Осылайша, жаңа коронавируспен байланысты пневмониямен госпитальге түскендер саны 200-ден асып отыр. Олардың үшеуі респираторлық дерттен қайтыс болған.
Дегенмен, өткен апта соңында Лондондағы Империалық колледж зерттеушілері бұл аурудың 1700-ден астам адамнан кездескенін жариялаған еді.
Дәрігер-мамандар әзірге сыры толық ашылмаған инфекция 2002-2003 жылдары әлемде 800-ге жуық адамның өмірін жалмаған коронавирустар тобына кіреді деп пайымдап отыр.
Арыстан РЫСБЕК