Ливия конференциясында «Біз Ливия Өкілдер палатасы бекіткен біртұтас, инклюзивті және тиімді үкіметтің құрылуын қолдаймыз» деп мәлімедеме жасалды.
Ливиядағы тұрақты атысты тоқтату және саяси процесті бастау мақсатында Германияның астанасы Берлинде өткен конференция аяқталды.
Германия канцлері Ангела Меркельдің шақыруымен және президент Режеп Тайып Ердоған қатысқан конференция 4 сағаттан астам уақытқа созылды.
Саммит аяқталғаннан кейін Меркель, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш, Германияның сыртқы істер министрі Хейко Маас және БҰҰ Ливия өкілі Гассан Саламе баспасөз мәслихатын өткізді.
Декларацияда «Бітім», «Қару-жараққа эмбарго», «Саяси процеске оралу», «Қауіпсіздік реформалары», «Экономикалық және қаржылық реформалар» және «Халықаралық гуманитарлық заңдар мен адам құқықтарын құрметтеу» сияқты 55 тақырып қозғалды.
trt.haber