Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 2 айға қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов 2 айға қамалды

19.01.2020

15 қаңтарды «ұсталды», «ұсталмады» деген хабарлар тарады, бейсенбіде күдікке ілінгені туралы ҰҚК қысқа хабарламасы шықты, ал жұма кешкісін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамалғаны анық болды. Рустам Сәдуақасов есімді прокурордың комментарийін Тенгриньюс келтірген: «Былтыр қыркүйекте Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары «AksuTransLogistic» ЖШС тексереді. Оның бір ғана құрылтайшысы бар – Бақауовтың бауыры». Кәсіпорынның 2014 жылдан 2018 жылдың соңына дейін салықтарды қалай төлегенін тексеріп жатқанын естіген облыс әкімі мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарына жағдайдан құлағдар етіп отыруды бұйырған. Прокурордың сөзіне қарағанда, жылдың соңында Бақауов салық бойынша заңсыздықтар жасаған туысқаны 200 миллион теңгеден астам салық төлейтінін, салық төлеуден қасақана қашу бойынша тергелетінін біледі, сөйтіп өкілеттігін бірнеше рет асыра пайдаланып, тексеріс қорытындыларын жасырып, төлейтін салықты 3-5 миллион теңгеге дейін төмендетуді талап етеді.

Бақауов дегенде жаңа жылдың алдында қайырымдылық шарасы кезінде қалалық мәслихаттың депутаты, облыста жол жөндеумен айналысатын компаниясы бар Гнел Акопян есімдік кәсіпкердің оның портретін 31 млн теңгеге сатып алғаны ғана еске түсті. «Мүгедектігі бар адамдарға жұмсалатын ақшаға кімнің портретін алғанымның айырмасы бар ма, оны музейге тапсырамын», деген кәсіпкер журналистерге.

Музейге тапсыра алмайды-ау, өзінде қалдыра ма екен? Айтпақшы портретті Ауған соғысы жауынгерлері мен мүгедектерінің аймақтық қоғамы жасатқан, картина жақұт тастармен жасалған, янтарьдың отаны – Калининградта...  

Хабарламаларға жазылу