Биыл мамандығы бойынша 20 жыл өнер көрсеткен балет артистері зейнетке шыққандарына дейін ай сайын төлемақы ала бастайды. «Мәдениет туралы» заңға енгізілген өзгеріске сай. Төлемақы көлемі артистің соңғы 3 жылда алған орташа айлығының 60 процентін құрайды. Бұл да жаман емес, дейді балет артистері. Себебі 1998 жылғы зейнетақы реформасынан кейін олар мамандық ерекшелігіне орай зейнетке ерте шығатын құқығынан айырылып қалған еді. Ал кезіне балериналар 37, балетмейстерлер 42 жасында шыққан.
Негізі шахтерлар мен металлургтар де аса жоғары температурада, шаң-тозаңда, түрлі қышқыл, ауыр металлдар мен газға тұнған, сонымен бірге инфрақызыл және басқа да сәуле құйылған қауіпті және зиянды жағдайда жұмыс істейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетовтен сұхбаттың екінші жартысында зейнетке шығу жасы, сонымен бірге шетелдік және жергілікті жұмысшылар мен мамандардың жалақы айырмашылығын жою бағытында не істеліп жатқанын сұрадық. Соған жауаптары.