«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты 15-тен аса ғылыми жобаны қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты 15-тен аса ғылыми жобаны қолға алды

17.01.2020

Абайдың шығармашылығын зерттеу бір кісінің қолынан келетін дүние емес. Бүгінге дейін ақынның «Толық адам» сынды концептуалды идеяларына толық мән берілмей келді. Ендігі міндет — аталған олқылықтардың орнын толтыру. Жаңадан ашылған «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты қазір осы бағытта 15-тен аса ғылыми жобаны қолға алды. Өйткені Абайдың жинақтарын құрастырған ғалымдардың өзі ақын еңбектерінің әлі көбі жарияланбағанын айтады. Ал Қазақстанда сақталған қолжазбаларының беттері жыртылып қалған. Зерттеуші ғалымдар мұрағат көздерін ақтарып, толық нұсқалары мен көшірмелерін іздеп көрмек.    


Хабарламаларға жазылу