Алматы облысында 5 қант зауытының үшеуі жұмыс істемей қаңырап тұр. Жылдан-жылға қант қызылшасының алқабы кеңейіп, шаруалар рекордты өнім алып жатқанымен оны өндіретін екі кәсіпорын ғана. Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, бірнеше өңірді тәтті шекермен қамтамасыз еткен Алакөл қант зауытының бүгнгі күйі көңіл көншітпейді. Кәсіпорынның тоқтап қалғанына жиырма жылға жуықтады.
Серік Қанапиянов Алакөл қант зауытының дүркіреп тұрған кезінде қарапайым жұмысшы болып келіп, басшысына дейін көтерілген. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында 200 мың тоннаға дейін өнім қабылдап, 20 мың тонна қант өндіргенін айтады. Кәсіпорын Бескөл ауылының әл-ауқатын жақсартып, жағдайын түзеген. Зейнеткер зауыт қарамағында мектеп пен балабақша жәнн мәдениет үйі де болғандығын айтады.
Жергілікті билік зауыт иелерімен келіссөз жүргізіп жатса керек. Алайда нақты нәтиже жоқ. Бірақ аудан жылдан жылға қант қызылшасы алқабын ұлғайтып жатыр. Екі жыл бұрын небәрі 50 гектарға тәтті түбір өсірсе, қазіргі алқап 800 гектарға жуықтады.
Егер зауыт іске қосылса аудандағы шаруашылықтар өнімін Ақсу және Көксу қант зауытына тасып шығындалмас еді. Мамандар кәсіпорын маңайына 5 мыңға жуық қант қызылшасын өсіретін шаруалар шоғырланып, тұтас бір ауданның әл-ауқаты өзгерері сөзсіз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ