Алиментін өтей алмай жүргендерге енді қордан ақша бөлінетін болды. Бірақ бәріне бірдей және үнемі берілмейді. Адамның басындағы жағдай мұқият пысықталып, шын мұқтаждығына көз жеткізу керек. «Онымен қоғамдағы сыйлы әрі беделді тұлғалар айналысады»,-дейді Әділет министрі. Мұндай тәжірибе Финляндияда бар. Бірақ финдіктер алименттік қордағы қаржыны қарызға, яғни несиелік жолмен береді екен. Ал бізде қайырымдылық үлгісі таңдалып отыр. Қор құру бойынша жұмыс басталып кеткен. Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен арнайы комиссия талап-шарттарын реттеп жатыр.
Нысаналы ЫҒЫЛ