Қордың екі моделі бар. Біріншісі – кредиттік модель, ал екіншісі қайырымдылық негізде қызмет етеді.
Кредиттік модель банктік займдар қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, азамат еңбекақы алғанға дейін уақытша алимент төлеу үшін қаражат сұрай алады.
Екінші модельге сәйкес, қайырымдылық қор аясында ақша қайтарымсыз беріледі. Бір ескеретін жайт, мұндай көмек барлығына бірдей берілмейді.
ҚР Әділет министрі М. Бекетаев: «Ақша ең қиын жағдайларда беріледі. Адамдар сыртқатқа шалдықса немесе мүлдем қиын жағдайға тап болса, басқа мүмкіндіктер болмаса, қолдау жасалады. Шешім қабылдарда комиссия шақыртылады. Мәселен, бір адамдарға 100 мың теңге, кейбіріне 500 мың теңге қажет болуы мүмкін», - деді.