Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі 29 бағытқа жүретін жолдар жабылды. Қатты боран әсіресе, солтүстік өңірлерде күшейгендіктен мұндағы 12 бағыттың жол қозғалысы шектелген. Үш облысты қамтитын ең ірі тас жолы Екатеринбург-Алматы бағытындағы көліктерге тосқауыл қойылды. Мамандар мұндай ауа райы алдағы демалыс күндеріне дейін жалғасуы мүмкін деп болжап отыр. Сондықтан Қазавтожол компаниясы жолаушыларды сақ болуға, жабық бағыттар бойынша жолға шықпауға кеңес береді. Ал егер жолда қалып қойған жағдайлар болса, 1403 байланыс орталығына хабарласып, қай жерде тұрғаныңызды айтып, көмек сұрауға болады. Қазіргі уақытта Республика көлемінде 756 арнайы техника жолдарды қардан тазартып жатыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ