Иран және Украинаның Сыртқы істер министрлері Мохаммад Джавад Зариф пен Вадим Пристайко телефонмен сөйлесті. Тегеран Киевке украиндық «Boeing» әуе кемесінде қаза тапқандардың мүрдесін беруге дайын екенін айтты. Сонымен қатар ол қара жәшіктегі жазбалардың мән-жайын ашуға украиналық мамандарды тартуға келісетінін де атап өтті.
Бұған дейін «Вoeing» ұшағы құлаған аумақта жұмыс істеген комиссия құрамында болған Киевтің сот экспертиза ғылыми-зерттеу институтының директоры Александр Рувин Иран аумақтағы ұшақтың қалдықтарын бульдозермен тазалаған деген пікірде екенін айтқан. Бұл ақпаратты алғаш болып АҚШ БАҚ-тары таратты. Ал Ұлыбританиядағы Иран елшісі Хамид Баидинежад бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеді. Сондай-ақ 10 қаңтарда брифингте Украинаның СІІ Вадим Пристайко да бұл ақпаратты растаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Украина Иран билігінен қара жәшікті беруін сұраған. Сондай-ақ бұл істі тергеп-тексеру жұмыстарына халықаралық ұйымдар қатысуы керек деп есептейтінін де айтқан.
Иранның Тегеран провинциясының сот медицина лабороториясы және диагностикалық орталығы әуе апаты кезінде қайтыс болған 148 адамның ДНК дерегі нақтыланған және 57 адам отбасына берілгені туралы ақпарат таратты.
ria.ru