Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Ә.Исекешев тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Ә.Исекешев тағайындалды

16.01.2020

Билікте бүгін бірқатар ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Қасымов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы жаңа қызметіне дейін 1 жылдай уақыт Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.  

Ал, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып Әсет Исекешев тағайындалды. Әсет Өрентайұлы 2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры міндетін атқарды. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу