Судьялардың 11 пайызы аттестациядан өтпей қалды. Тағы 260 судьяны сынақ күтіп тұр. Кадрларды жаңа әдіспен тексеру жайын Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады. Сот жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі көптеген мемлекеттерге ортақ. Өйткені қазір соттарға деген көзқарас өзгеруде. Елбасы осыны ескере отырып, Жоғарғы сот төрағасына аталған бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ