Ресей мен Сирияның әуе соққысынан 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Сирияның әуе соққысынан 18 адам қаза тапты

16.01.2020

Ресей мен Сирия әуе күштерінің ұшақтары оппозиция бақылауындағы Идлиб қаласына авиациялық соққы беріп, 18 бейбіт тұрғынды мерт қылды. Бұл шабуыл осы айдың басында Анкара мен Мәскеу жариялаған ымыраға қарамастан жасалып отыр. 

Куәгердің айтуынша, снарядтар жергілікті базар мен өндірістік зонаға тиген. Әзірге Ресей әскері мен Сирия үкіметі оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. 

«Франс пресс» агенттігінің хабарлауынша, бомбалау операциясы кезінде бірнеше машина өртеніп, олардың жүргізушілері қаза тапқан. 

Бұған дейін президент Башар Асад көтерілісшілер қарамағындағы соңғы аймақ — Идлиб провинциясын үкіметтің қол астына қайтаруды көздеп отырғанын мәлімдеген еді.

Арыстан РЫСБЕК




Хабарламаларға жазылу