Павлодар облысының әкімшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

16.01.2020

Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет осылай деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, кеше түс ауа облысы әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жөнінде әлеуметтік желілерде хабарламалар тарады. Тіпті, ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты 4-басқарманың арнайы жасағы әкімнің орынбасары және кеңесшісінің жұмыс кабинетінде тінту жүргізгені жөнінде жарыса жазды. Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақауовтың қатысумен өтуі тиіс болған екі жиын кейінге шегерілген. Болат Бақауов бүгін таңертенен бері қызмет орнында болмаған. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу