Абайтану институты құрылуы керек- О.Жәлел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайтану институты құрылуы керек- О.Жәлел

15.01.2020

Абайтану институты құрылуы керек. Ұлы ақынның еңбегін зерттеуші Омар Жәлел осындай ой айтты. Өйткені хакімнің шығармашылығы әлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ. Сосын Абайды шын түсінетін мамандар легін қалыптастыру ісі де маңызды. Сонда ғана торқалы той осындай тағылымды істермен есте қалмақ.

Абайдың мұрасы – халықтың өмірлік мұратына айналмай кемелдену мүмкін емес. Ел болу, ғылым-білімге махаббатбен қарау тұрғысында Абайдан асқан ақылман жоқ. «Сондықтан хакім шекпенінің етегінен айырылмай ұстауымыз керек»,-дейді Омар Жәлел.

Абайтанушы Президенттің мақаласы дер кезінде жазылғанын айтады. Қоғам қазір ондағы ойға құлақ асуға дайын. Ал бұған дейін аты шыққаннан ақыл сұрап, талай адастық. «Енді сол қателіктерді ескеріп, ес кіретін уақыт жетті»,-дейді. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев та Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет екенін алға тартқан еді.

Демек интеллектуалды ұлт болуы үшін сан салада Абайды шын түсінетін мамандар легі қалыптасуы шарт. Осы ретте Абайтану институты ашылып, ақынның зерделі сөзіне зейін қойып, терең зерттеу жүргізілуі керек. Соның бірі — мына кітап. Бұл 2 томдықта ақын еңбектерінің хронологиясы сақталған. Бірақ оқулықтың небары 100 данасы ғана шыққан.

Тоқетері мақалада көтерілген өзекті мәселелер рет-ретімен шешілсе игі. "Хакім тақырыбы – күнтізбелік, науқандық тұрғыда қалып қоймай, тыныс-тіршілігімізге айналса",-дейді абайтанушылар.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу