Елбасы Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулинді қабылдады

15.01.2020

Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті. Онда Nur Otan партиясының фракция жұмысы жайлы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сауалдарға депутаттардың уақытылы жауап беру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар Тұңғыш Президент экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы атқарушы билік пен заң шығарушы билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығын да атап өтті. Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттарының өңірлік сапарларының нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат берілді.  

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу