Президент ГРЕКО ұйымының атқарушы хатшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ГРЕКО ұйымының атқарушы хатшысын қабылдады

15.01.2020

Ақордада бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі де сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады. Тараптар Қазақстанның осы ұйымға мүше болып кіруі мен еліміздің Еуропа Кеңесімен ықпалдастығын талқылады. Президент Еуропа Кеңесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруге көрсеткен қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу