ГРЕКО ұйымының атқарушы хатшысы жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық тәжірибесімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ГРЕКО ұйымының атқарушы хатшысы жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық тәжірибесімен танысты

15.01.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы, яғни ГРЕКО ұйымының атқарушы хатшысы жемқорлыққа қарсы күрестің қазақстандық тәжірибесімен танысты. Джанлука Эспазито елордадағы цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығымен кездесіп, «ANTIKOR» орталығының кеңсесін аралап шықты. Сондай ақ кедендік рәсімдеу орталығындағы жұмыс барысымен танысты. Айта кетсек 1 қаңтардан бастап Қазақстан GRECO-ға мүше болды. Қазіргі уақытта оның құрамына әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеті кіреді. Еліміз халықаралық ұйымға мүшелік ету арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі үздік еуропалық тәжірибелерді қазақстандық жүйеге енгізе алады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу