Елімізде Беларусиямен бірлескен кәсіпорын көбеюде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Беларусиямен бірлескен кәсіпорын көбеюде

15.01.2020

Беларусь Республикасы елімізге құны 40 млн доллар тұратын ауылшаруашылығы техникасын жеткізбек. Сонымен қатар, биыл ветеринарлық препараттарды шығаратын бірлескен кәсіпорын іске қосылуы тиіс. Зауыт Қазақстанда орналасады деген жоспар бар. Бұдан өзге, Беларусь Үкіметі қазақтың қара алтынын сатып алуға мүдделі. «Белнефтехим» концерні Қазақстан Үкіметіне нақты ұсыныспен шықты. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Беларусь тарапы қаңтардың 20-да осы мәселені талқылау үшін Қазақстанға келмек. Ал, Мәскеу мен Минск мұнай тасымалына қатысты бір тоқтамға келе алмады.  

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу