Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын құрылыс қарқыны күшейіп, жаңа үйлер бой көтеруде. Өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент депутаттары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты үй тұрғындарымен кездесті. Мұнда 100 отбасы тұрып жатыр. Ал құрылысқа тек отандық өнім пайдаланылған. Депутаттардың айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған топқа қолдау көрсету - мемлекеттік бағдарламаның басым бағыты.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ