Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Кеңестің құрамы өзгергені туралы Үкімет қаулысы eGov порталында жарияланды.
Сондай-ақ, кеңестен Президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те кетті.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев болды.
Үкімет қаулысы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді.
Айта кетейік, Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі төрағасы қызметін 2019 жылдың наурызынан бастап атқарып келді.