Әлемге танымал рэпер Akon Африкада өз атымен аталатын қала салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге танымал рэпер Akon Африкада өз атымен аталатын қала салмақ

15.01.2020
Әлемге танымал рэпер Akon Африкада өз атымен аталатын қала салмақ

Әлемге танымал рэпер Akon бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды: «Сенегалда AKON CITY қаласына қатысты келісімшартқа отырдық. Болашақта сіздерді тағатсыздана күтеміз».

Akon City-дің басқа қалалардан басты ерекшелігі — қаржылық операцияларды тек AKoin криптовалютасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ қалаға тарайтын электр жарығының 100%-ы күн энергиясынан алынбақ. 

Туған жеріне қала салдырып жатқан Akon қала құрылысы бірнеше кезең бойынша жүргізілетінін хабарлаған. Естеріңізге сала кетейік, жалпы көлемі 800 гектар аумақтың құрылыс жұмыстары өткен жылдың наурыз айында  басталған. 


Хабарламаларға жазылу