Қытайда жер айрылып, оған автобус түсіп кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, оқиға кезінде 6 адам қаза тауып, 10 шақтысы ғайып болған. Апат дүйсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Синин қаласындағы аялдаманың қасында болған.
Қоғамдық көлік құлағанда жарылыс болды. Содан кейін құтқару операциясы басталған.
Айта кетсек, Қытайда мұндай оқиғалар ешкімге таңсық емес. Оларға көбінесе құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілмеу себепші.
Арыстан РЫСБЕК