1 ақпаннан бастап ақша айырбастаған адамдардың аты-жөндері жазылып алынады.
Енді валюта айырбастау пункттері әр операцияны журналға тіркеп отыратын болады. Ұлттық банк бүгін осындай өзгерістер барын айтты.
500 мыңға дейінгі ақша айырбастаған азаматтардың аты-жөндері мен жеке сәйкестендіру нөмірі тізілімдер журналына енгізіледі. Ал 500 мыңнан көп ақша айырбастаған клиенттердің аты-жөнімен қатар, жеке куәлігінің нөмірі (құжаттың түрі, берілген мерзімі және нөмірі), жеке сәйкестендіру нөмірі мен заңды мекенжайы көрсетілетін болады.
Ал жарғылық капиталдың минималды көлемі республикалық маңызы бар қалалардағы айырбастау пунктері үшін 100 млн теңге болып бекітілді.
Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша 1 ақпаннан бастап бұл мекемелер сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал шетелге шығатын азаматтарға әуежай мен теміржолдардағы ақша айырбастау пунктері тәулік бойы қызмет көрсетеді.