Ливиядағы соғысушы тараптар атысты тоқтату жөнінде келісім жасай алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливиядағы соғысушы тараптар атысты тоқтату жөнінде келісім жасай алмады

14.01.2020

Бұл туралы келіссөздер Мәскеуде өтті. Ресей мен Түркияның арағайындығымен ұйымдастырылған 6 сағаттық кездесуде екі жақ әскери жанжалды доғарып, саяси дағдарысты бейбіт жолмен еңсеру туралы құжат дайындалған-ды. Оған Ливияның халықаралық деңгейде мойындалған ұлттық келісім үкіметінің басшысы Файез Саррадж кеше қол қойды. Алайда осы елдің шығысын басып алған оппозициялық Ливия Ұлттық армиясының маршалы Халифа Хафтар бұл пәтуаны мақұлдауға қосымша уақыт сұраған. Айта кетсек, екі лидер бір-бірімен тікелей сөйлесуден бас тартты. Сондықтан, келіссөздер екі кезеңмен өткен.

Ливияда үкімет әскері мен Хафтар күштері 9 ай бұрын билік үшін соғысқа кірісті. Дегенмен, соңғы екі күнде елде қақтығыстар тоқтатылып, ымыра байқала бастаған. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу