Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу уақытша тоқтатылды

14.01.2020
Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу уақытша тоқтатылды

Қазақстанға А гепатитіне қарсы Қытай вакцинасын әкелу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

«2020 жыл бойынша сатып алу процесі әлі аяқталған жоқ. Тендерге қытайлық вакцинаны жеткізушілер де қатысты. Олардың екеуі елімізде әкелуге бір реттік рұқсат алды. Дегенмен вакцинаның сапасын, сәйкестігін анықтау үшін біз елге әкелу үшін бір реттік рұқсат беруді доғардық. Яғни, тоқтаттық», - деді ол.


Хабарламаларға жазылу