Алматыда Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына орай өткен қаламгерлер мен журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары қатысты. Сонымен қатар Ілиястың еңбектерін насихаттауға үлес қосқандарға да құрмет көрсетілді.
Ілияс Жансүгіровтің ел біле бермейтін артықшылықтары көп. Оны тану үшін еңбектерін ғылыми айналымға түсіру керек. Сондықтан, ақынның 125 жылдығына арналған ауқымды шаралар одан ары қарай жалғасады.
Байқауға жалпы саны 130-дан астам материал түскен. Солардың ішінде зерттеулер мен мақалалар және сұхбаттар бар. Қатысушыларға 7 жүлделі орын мен бағалы сыйлықтар берілді.
«Осындай байқаулар мен зерттеулерді қолға алып, Жансүгіровтің еңбектерін көбірек насихаттау бүгінгі ұрпаққа міндет. Ал Ілиясты тану арқылы өзімізді танимыз»,- деді ғалымдар.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ