Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы

13.01.2020

Алматыда жаңа жыл қарсаңында ұшақ апатынан зардап шеккен 9 науқас әлі күнге дейін ауруханада ем қабылдауда.

Жалпы, мегаполисте — 6, Нұр-Сұлтанда — 3 науқас стационарлық ем алып жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы бірқалыпты екенін айтады. Науқастарға қажетті операцияның барлығы сәтті жасалған. Сонымен қатар, бес айлық бүлдіршіннің анасының да жағдайы тәуір. Ал қалғандары амбулаториялық ем қабылдауға жіберіледі.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу