Қазақстандық каратэшілер Чилиде 5 жүлдені еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық каратэшілер Чилиде 5 жүлдені еншіледі

13.01.2020
Қазақстандық каратэшілер Чилиде 5 жүлдені еншіледі

Чили астанасы Сантьяго қаласында каратэден Премьер лига бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 4 қола медаль бар.

60 келі салмақта өнер көрсететін Қайсар Алпысбай қарсыластарына дес бермей, турнир жеңімпазы атанды. Шешуші сында бразилиялық Дуглас Броустан айласын асыра алды. Осы салмақта қола жүлдені Дархар Асәділов иеленді.

67 салмақ дәрежесіндегі отандастарымыз Асылбек Мұратов пен Дидар Әмірәлі де үшінші орын алды. 87 келідегі жерлесіміз Игорь Чехмарев та қоланы қанағат тұтты.

Мұхиттың ар жағындағы жарысқа елімізден 12 спортшы аттанып, 8-і жүлдеге таласты.

Хабарламаларға жазылу