Филлиппин аралдарында вулкан оянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филлиппин аралдарында вулкан оянды

13.01.2020

Филиппин аралдарында «Таал» деген вулкан оянып, одан лава төгіле бастады. Ол қазір жергілікті тұрғындарға орасан қатер төндіріп тұр. Сондықтан 16 мыңдай адам үйлерін тастап, дереу көшуге мәжбүр болған. Ел астанасында мектептер, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер жабылып жатыр.

Маниладан оңтүстікке қарай 70 шақырым жердегі вулкан көл ортасында орналасқан. Ол соңғы 450 жылда 34 рет атқылапты.

Филиппин үкіметі халыққа «вулкандық цунами» қаупін де ескертті. Өйткені, бұл таудан төгілген от пен күл суда алып толқындардың көтерілуіне түрткі болуы ғажап емес.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу