Иранда билікке қарсы шерулер екінші күнге ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда билікке қарсы шерулер екінші күнге ұласты

13.01.2020

Тегеран, Шираз, Исфахан, Хамедан, Орумие қалаларында демонстранттар әскерилердің украиналық ұшақты атып түсіргенін бірнеше күн бойы жасырғанына наразылық білдірді. Содан кейін бұл митинг саяси акцияға ұласып, халық рухани жетекші Аятолла Әли Хаменейден және өзге лидерлерден отставкаға кетуді талап етіп жатыр. 

Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштері ашынған жұртты тарату үшін оқ атып, газ қаруын қолданды.

Айта кетсек, өткен сәрсенбіде Тегеран маңына жолаушылар ұшағы апатынан 176 адам мерт болды. Құрбандардың көбі – ирандықтар.

Кейіннен президент Хасан Рухани қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, лайнердің құлауын «апатты ағаттық» деп атады.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу