Венесуэла, Гамбия, Йемен, Лесото, Ливан, Тонга Корольдігі және Орталық Африка Республикасы Бас Ассамблеяның сессиясында дауыс бере алмайды.Өйткені, олардың соңғы 2 жылдағы қарыздары шектік деңгейден асып кетті. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында мәлімдеді.
Дауыс беру құқығынан айыру БҰҰ Жарғысының 19-бабында қарастырылған.
Ең көп қарызға батқан Венесуэланың БҰҰ-ға берешегі 21 миллион доллардан асып кеткен.
Борышкерлер тізімінде Комор, Сомали, Сан-Тома және Принсипи де бар. Бірақ Бас ассамблея оларға 74 сессияның соңына дейін дауыс беру құқығын қалдырды.