Ресей ғалымдары жасанды жылқы етін өсіріп шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей ғалымдары жасанды жылқы етін өсіріп шығармақ

13.01.2020
Ресей ғалымдары жасанды жылқы етін өсіріп шығармақ

Ресей ғалымдары жасанды жылқы етін жасап шығармақ. Оған адам денсаулығына зиянды препараттар қосылмайды. 

Ғалымдар етті арнайы инкубаторда жануарлардың бағаналық жасушасынан өсіріп шығарады. Жасанды жылқы етінің дәмін 3 жылдан кейін тата аламыз, ал биопринтердің көмегімен кесекті ет алу 5 жылдан кейін мүмкін болады.

Еттің бұл түрі келешекте ауыл шаруашылығы өнімінің балама болады. Өйткені жасанды тамақты қолдан жасау кезінде жануарлардың жасушасы пайдаланылады және ол вирустар мен бактериялардан қорғалған, зарарсыздандырылған нәрлі ортада өсіріледі. 

«Ет жасау үшін биопсия көмегімен құлыннан бұлшық ет ұлпасының үлгілерін аламыз. Өйткені құлынның етінде бізге қажет бағаналық жасуша көп, - дейді ArtMeat компаниясының бас директоры Асқар Латышев.

Содан соң биологиялық материал арнайы инкубаторға салынады. Бұл техника дұрыс температуралық режим мен атмосфера құрамын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жасушалардың өсуіне қажетті тағамдық заттарды жеткізеді.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу