АҚШ Ирактың Нью-Йорктегі банктік шотын бұғаттаймыз деп қорқытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ирактың Нью-Йорктегі банктік шотын бұғаттаймыз деп қорқытты

13.01.2020
АҚШ Ирактың Нью-Йорктегі банктік шотын бұғаттаймыз деп қорқытты

Иран билігі АҚШ әскерін елден шығарса, АҚШ Бағдаттың Нью-Йорк Федералды резервтік банкіндегі мемлекеттік банктік шотын бұғаттамақ. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Бұл Бағдатты мұнай сатудан түсетін табыстан айырады. Мұндай жағдай Иранды қаржы дағдарысына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Gazeta.ru. Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерилер шығарылған жағдайда Бағдадтан өтемақы талап ететінін мәлімдеді. 

Америка басшысы АҚШ Ирактың инфрақұрылымына миллиардтаған доллар қаржы салғанын айтты. Сондықтан Бағдад әскерилердің шығуы үшін өтемақы төлеуі керек деген пікірде. Ақ үй басшысы қазіргі уақытта АҚШ республиканың көптеген ақша ресурстарына иелік ететінін айтты. 35 миллиард доллар қаражаттың банктік есепшотқа орналастырылғанын да атап өтті. 

Ал Ирак парламенті мен үкіметі ел аумағына АҚШ әскерін жіберу туралы төрт жылдық келісімді бұзу туралы қарарды қабылдады. Парламент шетелдік әскери күштердің елде болмауына дауыс берді.

Төтенше мәжіліс қарарында «үкіметке республикадағы шетелдік күштердің әскери қатысуын және халықаралық антитеррорлық коалиция күштерімен жасалған қауіпсіздік туралы келісім шеңберіндегі жұмысты тоқтатуды» міндеттеу жазылған.

Хабарламаларға жазылу