«Шөп қорыған ит» комедиясын испан драматургы Лопе де Веги 1618 жылы жазған. Кейін испан мақалының құрамдас бөлігіне айналған. «Шөп қорыған ит - өзі де жемейді, өзгеге де бермейді».
Испан мақалын Президент бірнеше рет қолданды. Латифундистерге байланысты. Қ.Тоқаев: «Елде қалыптасқан «латифундистердің» тұтас тобы жерді пайдаланбай, «шөп қорыған ит» тәрізді ұстап отыр»,- деген. Мал ұстаған жұрт оны растайды.
Мал өсірем деп жанталасып күні-түні жүгіріп жүрген адамдарға жер тимейді. Жер комитетіне барсаңыз, «ауданда жер жоқ» дейді.
Жер мәселесі көбінде сыбайластықпен, жемқорлықпен шешілетін нәрсе.
Берік КӨШЕРБАЙ