Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелде де жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелде де жалғасады

10.01.2020

«Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелде де жалғасады. Ресей, Франция мен Ұлыбритания және өзге де мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр». Президент өз мақаласында осындай тапсырма жүктеді. Мақаламен танысқан Ресейдегі қандастарымыз елшілікпен қоса, консулдықтардың жанынан да «Абай орталығын» ашу керек деп есептейді. Соңғы жарты жылда Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан қалаларында ұлы ақынның мұрасын ұлықтау мақсатында 300-ден астам шара ұйымдастырылған.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу