Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі» туралы Заңды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі» туралы Заңды талқылады

10.01.2020

Бүгін Жетісу мемлекеттік университетінде мұғалім мәртебесі талқыланды. Ұстаздар қауымы Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановпен кездесуде «Педагог мәртебесі туралы" Заңның ерекшеліктерін ортаға салды. Алматы облысында 40 мыңнан аса мұғалім бар. Жаңа заң олардың қоғамдағы орнын анықтап, әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне оң ықпал етпек. Мәселен, алдағы 4 жылда оқытушылардың жалақысы 25 процентке өсіп, еңбек демалысы 56 күнге дейін ұзартылады. Сонымен қатар депутат мұғалімдерді түрлі қоғамдық жұмыстарға салу тыйылып, мамандық иелеріне құрмет артатынын айтты. Ұстазға дөрекі сөйлеген оқушы да, ата-ана да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Одан бөлек, шәкірттері олимпиада жеңімпазы атанса да, жас маманды тәрбиелесе де, қосымша үстемақы төлеу қарастырылып отыр. Әлеуметтік тұрғыда да жеңілдік бар.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу