ҚР Президенті: Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті: Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек

10.01.2020

«Әлеуметтік жауапкершілік қайт­кенде орнына келеді? Әрине, бұл – оңай шаруа емес. Осы күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн. «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді. Бұл – тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. Қазір тарап жатқан осы ұғымды Абай сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ түсіндіріп айтты. «Толық адам» концепциясы, шындап келген­де, өмірі­міздің кез келген саласының, мемле­кетті басқару мен білім жүйе­сінің, биз­нес пен отбасы институттары­ның негіз­гі тұғырына айналуы керек деп есеп­теймін».

Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан


Хабарламаларға жазылу