Австралиядан орман өртіне байланысты 240 мың адам көшіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралиядан орман өртіне байланысты 240 мың адам көшіп кеткен

10.01.2020

Австралияның оңтүстік-шығысында орман өртінің өршуіне байланысты, 240 мыңдай адамға дереу көшу туралы хабарлама жіберілді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тағы бірнеше өрт ошағы тіркелген. Күшті желдің екпіні де оның жылдам таралуына себепші. 

Айта кетсек, Австралияда өткен жылдың қыркүйегінде басталған орман өртін сөндіру әлі мүмкін болмай тұр. Тілсіз жауға тосқауыл қою үшін бұл мемлекетке АҚШ-тан, Жаңа Зеландиядан, Канададан жүздеген маман көмекке өз еріктерімен барып жатыр. Осы уақытқа дейін алапат жалыннан 27 адам қаза тауып, 2 мыңға жуық үй жанып кеткен. Және де 10 миллион гектардан астам алқап өртеніп, 1 миллиардтай жан-жануар қырылып қалды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу