Ол «Боингті» жергілікті әскерилер қателесіп ракетамен атып түсірді деген мәліметті жоққа шығарып, бұл теорияны Ислам Республикасына жарияланған «психологиялық соғыс» деп атады.
Ұшақтың зымыранмен құлатылғанын бұған дейін Канада Премьер-министрі мен Вашингтон және өзге елдердің барлаушылары айтқан еді.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, аталған жәшіктерден ақпарат алуға 1-2 ай кетуі мүмкін. Ал, тергеуге екі жылдай уақыт керек болады.
«Украина халықаралық әуе жолдары» компаниясының лайнері сәрсенбі күні Иран астанасынан Киевке ұшқаннан кейін дереу құлап, 176 адам мерт болды. Ресми Тегеранға сенсек, әуе машинасының апатқа ұшырауына техникалық ақаулар себепші.