Алматыда биыл атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда биыл атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері қолданылады

10.01.2020

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты. 

Мәселен көпбалалы аналарды жеке санатқа бөліп, жаңа кепілді жәрдемақы береді. Мемлекеттік төлем төрт және одан көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын студент яғни, 23 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға табысына қарамастан, төленеді. Тек оның мөлшері балалардың санына байланысты болады. Ал 1 ақпаннан бастап аз қамтылған жанұяның балаларына қосымша кепілді әлеуметтік пакет енгізіледі. Айта кетейік, ірі мегаполисте 16386 көпбалалы отбасы жәрдемақы алады. Осы уақытқа дейін солардың 10 мыңға жуығына 411 миллион теңге берілді. 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу