Кәсіпкерлердің өсімақылары мен айыппұлдары бойынша 2,9 млрд теңге кешірілген. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ салық заңнамасын бұзып, алайда оны өз күшімен жойғандарға да рақымшылық жасалды. 2018 жылдың 1 қазанына дейін мерзімі өтіп кеткендер үшін өз еркімен тек негізгі берешекті төлеуге мүмкіндігік берілді. Нәтижесінде 3214 салық төлеуші амнистияны пайдаланса, мемлекет қазынасына 10 млрд теңге көлемінде қаржы түскен.