Канада премьері: Украиналық лайнерді Иранның зымыраны атып түсірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада премьері: Украиналық лайнерді Иранның зымыраны атып түсірген

10.01.2020
Канада премьері: Украиналық лайнерді Иранның зымыраны атып түсірген

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Boeing ұшағының құлауына Иранды кінәлады. «Ұшақты Иран зымыраны атып түсіргенін дәлелдейтін айғақтар бар. Бұл абайсызда болуы мүмкін», - деп мәлімдеді ол. 

Әуе апатынан 63 Канада азаматы мерт болды. Осы орайда премьер Трюдо ұшақ апатын мұқият зерттеуге шақырды.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да осындай пікірде. 

«Лайнерді «жер-ауа» класына жататын зымыранмен атқаны туралы ақпараттар бар. Бұл байқаусызда болған жағдай», - деді ол.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Украина әуе компаниясының PS 752 рейсі апатқа ұшырады. Бортындағы 176 адам түгел қайтыс болды. 

bbc.com Фото: REUTERS

Хабарламаларға жазылу