Майк Помпео: АҚШ Сулейменидің шабуылы туралы мән-жайды білмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майк Помпео: АҚШ Сулейменидің шабуылы туралы мән-жайды білмеді

10.01.2020
Майк Помпео: АҚШ Сулейменидің шабуылы туралы мән-жайды білмеді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық арнайы қызметтердің ирандық генерал Касем Сулейманидің АҚШ-қа ықтимал шабуылы туралы ақпараты болмағанын мойындады.

«Қасем Сулеймани жоспарлаған шабуылдардың толық сериясы болатынына ешқандай күмән жоқ. Біз дәл қашан және нақты қайда екенін білмейміз», - деді ол. 

3 қаңтарда АҚШ-тың әскери күштері Иракта арнайы операция жүргізіп, Иран генералының көзін жойды. Президент Дональд Трамп Сулейманидің америкалық елшіліктердің бірінде жарылыс жасауды жоспарлағанын мәлімдеген, бірақ нақты мән-жайды айтпаған.

Оған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын зымыранмен атқылады. Бұл оқиғадан кейін Трамп Иранға қарсы әскери күшін жұмылдырмайтынын, керісінше жаңа санкциялар арқылы жазалайтынын мәлімдеді.

ria.ru Фото:© AP Photo

Хабарламаларға жазылу