Атырауда батарея жұтып қойған 11 айлық бала көз жұмды.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, дәрігерлер рентген арқылы ауруханаға түскен баланың ағзасында батарея тұрғанын анықтап, оны эндоскопия арқылы алып тастамақ болған. Бірақ бұл мүмкін болмаған соң, дереу ота жасалған. Алайда ақ халаттылар сәбидің өмірін аман алып қала алмады.
Бала тыныс алу жеткіліксіздігінен көз жұмған.
mgorod.kz