430 мыңнан астам қазақстандық міндетті медициналық сақтандырудан қағылып қалуы мүмкін. Олар жұмысыз жүргендер. Алдағы шілде айынан бастап жұмыс берушілер арнайы қорға төлем өткізе бастайды.
Ал, қызметсіз жүргендердің есебіне мемлекет өзі төлейді. Сондықтан, барлық жұмыссыз жүргендер мемлекеттік органға барып тіркеліп, ресми статус алулары тиіс, дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ