Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен жұбайы Меган Маркл корольдік отбасымен байланысты міндеттерінен бас тартты. Бұл турасында Сессекс герцогі мен герцогинясы өздерінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлаған.
Енді олар Елизавета ІІ патшайымға қолдау білдіре отырып, өз күндерін өздері көруге ниетті. Мәлімдемеге сәйкес, атақты жұп корольдік отбасын асырауға кететін бюджеттен бас тартып, қаржылай тәуелсіз болмақ. Сонымен қатар, Гарри мен Меган Британиямен қатар, Солтүстік Америкаға қоныс аударып, қайырымдылық қорын ашу туралы жоспарларымен бөліскен. Осылайша, әйгілі жұп бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс, тыныш өмір сүрмек ойда. Дегенмен ақсүйек отбасы тақ мұрагерінің мұндай шешімі күрделі мәселе екенін айтып, оны егжей-тегжейлі талқылау үшін уақыт қажет деп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ